«Қазгидрометке» жаңа құрылғылар табысталды

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін БҰҰ-ның Даму бағдарламасы «Қазгидромет» РМК-сына климаттың өзгеруін бақылайтын жаңа құрылғыларды табыстады.

БҰҰ-ның Даму бағдарламасының «ҚР климаттық қауіп-қатерлерді басқару» жобасының үйлестірушісі Жанар Есенованың айтуынша, Қазгидрометке табысталған жаңа құрылғылар лай көшкіні, су, сел тасқыны және тағы басқа қауіп-қатерлерді нақты болжауға мүмкіндік береді. «Бұл құрылғылар климаттың өзгеруін болжап қана қоймай, метеорология, агрометеорология, гидрология және экология салаларына қажетті қауіп-қатерлер картасын әзірлеуге көмектеспек», - дейді Ж.Есенова.