Қажетсіз шығындарды жоюға тырыстық – Ерболат Досаев Президент тапсырмасы туралы

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында қала әкімдігі шығындарды қысқартуға дайын екенін айтты.

Фото: Алматы әкімдігі

– Мемлекет басшысы мен үкіметтен тапсырмалар алдық. Көп жыл бойы бюджетті қалыптастыруға атсалысып жүргеніме байланысты 2025 жылдың өзінде-ақ қажетсіз, тиімсіз шығындарды жоюға тырыстық, – деді Ерболат Досаев.

Айуынша, биыл басқармалар бөлінген қаржыны игере алмаса, олар оңтайландырылады.

– Әрі қарай нақтылаудан кейін бізде қандай жағдай бар екенін тағы бір рет қарастырамыз. Егер әкімшілік осы жылды аса қарқынды бастамаса, қажетті қаражатты игере алмаса, олар да оңтайландырылады, – деді әкім.

Еске салайық, бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орынсыз шығынды тоқтатып, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсау керек екенін айтқан болатын