Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша астана прокуратурасы мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жобаны іске асырды.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион — ондаған жылдар бойы ұлттық спортты дамыту орталығы ретінде қызмет еткен елорданың айтулы спорт нысандарының бірі.
Кең ауқымды қайта құрудан кейін стадион заманауи және көп функциялы болды.
Қазір ол халықаралық талаптарға сай.
-Спорттық жарыстарды, жаттығу процестерін және жаппай іс-шараларды өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалды,-делінген хабарламада. Айта кетейік, елордада жалпы құны 57 млрд теңгеден асатын 3 жоба іске асырылып жатыр. Әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу және сату барысы Астана прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Осыған дейін Маңғыстауда прокуратураның 1,3 млрд теңгелік жобаның жалғасуына ықпал еткені туралы жаздық.