Бұл 12 млрд. теңгеден астам қаржы, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты.
«Қазхром» ТҰК» АҚ-ның бір артықшылықты және қарапайым акциясына төленетін дивиденд мөлшері - 1528 теңге. Төлем 2013 жылдың 5 тамызында басталады. Дивиденд алуға құқы бар акционерлердің тізімі 10 шілдедегі жағдай бойынша жасалды.
«Қазхромның» 2012 жылғы таза пайдасы 33,648 млрд теңге болды. Дивиденд төлегеннен кейінгі қалған сома өндірісті дамытуға бағытталмақ.