«Қазхром» АҚ спортшылары ҚР тау-металлургия және көмір өнеркәсібі ұжымдары арасында өткен спартакиадада жеңіске жетті
08:49, 13 Шілде 2010
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысы Ақсу қаласында Қазақстанның тау-металлургия және көмір өнеркәсібі ұжымдарының XII республикалық спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Республиканың әр аймағынан келген сегіз команда, 400-ден астам ойыншыларды Ақсу қаласының басшысы Оразкелді Қайыргелдинов қарсы алды. Сайыстың алауы Ақсу ферроқорыту зауытының бас пешінен басталған болатын. Төрт күн бойы кеншілер мен металлургтер спорттың 10 түрі бойынша бақ сынасты.
Жалпы командалық есепте «Қазхром» АҚ командасы жеңіске жетті, екінші орынға «АрселорМиттал Теміртау« АҚ командасы ие болса, үшінші орынды «Қазахстан алюминийі» АҚ командасы алды.