Қажылар арасындағы эпиджағдай бақылауда тұр - Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрі
оның айтуынша, ағымдағы қажылыққа келгендер эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіз болып табылады және оның министрлігі олардың арасынан ешқандай қауіпті инфекцияларды, соның ішінде безгекті таппады.
Сауд Арабиясы денсаулық сақтау министрі атап өткендей, Корольдік коронавирустердің таралуы жағдайын мұқият бақылап отыр және қажылар арасында қауіпті аурулар таралмауы үшін барлық шараларды қабылдауда.
Коронавирустің жаңа түрлері тыныс алу жолдары мен бүйректі зақымдайтын жедел асқынулармен қауіпті, ол өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Сауд Арабиясы Корольдігінде Сауд Арабиясы мен Катар азаматтарының арасында бұл жұқпаның 2 фактісі анықталды.
Умра мен қажылық маусымы басталар алдында Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрлігі өзінің шет елдердегі елшіліктеріне қажылық визасын беру үшін карантиндік талаптар жазылған нұсқаухаттарды жолдады. Биыл Корольдікте сары безгек, менингит, маусымдық тұмау, полиомиелит, астан улану сияқты ауруларға аса мән беріп отыр.
Сауд Арабиясының билік өкілдері қажылықтың бас қалаларында ашылған медицина орталықтарына жұмысқа шамамен 20 мың адам қабылдады.