Қажылар қауіпсіздігін арнайы компания қамтамасыз етеді

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының билігі қажыларды қарсы алып, шығарып салумен айналысатын арнайы мамандандырылған компаниямен келісімшартқа отырды.

«Аталмыш компания осыған байланысты шет тілін білетін екі мыңдай саудиялық азаматты жұмысқа қабылдады. Олар бір ай бойы арнайы дайындықтан өтіп. қазан айының 12-нен бастап, теміржол бекеттерінде өз қызметіне кіріседі», - деп жазады muslim.kz. Бұл шара қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрі заңсыз жолаушылардың жолын кесу мақсатында қолға алынып отыр. Өткен жылы теміржол бекеттерінде мыңдаған қажы пойызға билетсіз мінбек болып, тәртіпсіздік орын алған болатын. Осының кесірінен пойыздардың жүру кестесі бұзылып, бес жүз мың адамға шақталған пойызға жолаушыларды артығымен отырғызуға тура келген. Сондай-ақ, ел билігі пойызбен жүретін қажылардың санын 25 пайызға қысқартуды көздеп отыр.