Қажылар үшін әлемдегі ең ірі қонақ үй салынады

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Holiday Inn - 2016 жылы Сауд Арабиясында мұсылмандарға есігін айқара ашатын әлемдегі ең ірі мейманхана.

Muslim.kz сайтының жазуынша, Inter Continental Hotels Group және қасиетті Мекке қаласындағы Жылжымайтын мүлік компаниясы өткен аптада осы мақсатта келісім-шартқа отырды. Олар жылдан-жылға айналымы өспесе, кемімеген діни туризмнің қажеттілігін қанағаттандыру үшін 1238 нөмірі бар қонақ үйді бірігіп тұрғызуға бел байлап отыр.

Жыл сайын 3 млн.-нан аса адам қажылығын өтеуге келетінін естеріңізге сала кеткіміз келеді. Алдағы уақытта киелі Мекке қаласының іскерлік орталығынан бой көтеретін қонақ үй қажыларға қолайлы етіп салынады.