Қажыларға арналған ресми сайт ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Енді қасиетті сапарға аттанған қажылар ғаламтор арқылы да арнайы қызметтерге оңай қол жеткізеді алады. Сауд Арабиясы Қажылық министрлігі қажыларға арналған www.haj.gov.sa ресми сайтын іске қосты, деп хабарлайды «Нұр Астана» порталы.

Аталмыш сайттан қажылар өздеріне қажетті қажылық маусымында жасалатын рәсімдер туралы барлық мағлұматты таба алады. Жеті тілде қызмет көрсететін сайтқа ұялы телефон арқылы да кіруге болады. Қосымша арқылы көрсетілетін қызметтер тізімі мен қонақ үйді алдын ала таңдап қою мүмкіндіктері де қарастырылған.