Министрдің мұндай мәлімдеме жасауына қажылардың Қажылық комитетіне түсірген шағымы түрткі болды. Аталмыш комитет 58-ші заңға сәйкес (жекелеген қажыларға қызмет көрсету) корольдің жарлығымен хижра жыл санауы бойынша 28/10/1426 жылы құрылды.
Комитет тиісті деңгейде қызмет көрсете алмаған компанияларды қажыларға келтірген қолайсыздығы үшін өтемақы төлеуге міндеттеді. Комитет Қажылық туралы заңды белден басқан компаниялардың жолын кесу үшін 27 түрлі қаулы қабылдады. Өз қызметіне салғырт қарағаны үшін 15000 және 100000 SR аралығында айыппұл салудан басталатын қатаң шарада компанияның қызметін тоқтатып, лицензиясын қайтарып алуға дейін жаза қарастырылған. Осы уақытқа дейін 16 компания заң алдында жауап берген көрінеді.
Комитет қажылық істері, ішкі істер және сауда әрі коммерция министрліктерінің өкілдерінен жасақталды. Бандар Хаджар өз сөзінде бақылау-тергеу комитетінің және Қажылық істері жөніндегі министрліктің қадағалау, зерттеу жұмыстарына тартылған өзге комитеттердің де жұмысына оң баға берді.