Оның мәлімдеуінше, мұндай оқу ордасын Қажылықты зерттеу институтымен және әл-Харам мешітінің институтымен ынтымақтаса отырып, құруға болады. Әмірші бұл ұсынысына Жоғары білім беру министрлігінің құлақ асатынына әрі осынау жобаны нақты жүзеге асыру жолдарын қарастыратынына үміттенетін жасырмады.
Сөзінің соңында өз халқының киелі мекенге және қажыларға қызмет көрсету құрметіне ие болғаны үшін Жаратқан Иеге алғысын айтып, шүкіршілік етті.