Қажылық сапар Қазақстанда неге қымбат - Жәнділла Бекжігітовпен сұхбат

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабиясының Қажылық министрлігімен келісімшарт жасап, қажылықтың маусымдық жұмысына кіріскен болатын.

Аталған мақсатта Бас мүфти бастаған делегация елімізден шамамен 3200 адамқажылыққа барады деп жоспарлап, осы санға квота алып келісімшартқа отырған еді.Содан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасықажыларды апаратын 18 туристік компанияға сенім артты. Бүгінде қасиетті сапарғааттанған отандастарымыз елге оралып жатыр. Осы орайда қажылық сапар қалайұйымдастырылғандығы, азаматтарымыздың қауіпсіздігі қалай қорғалғандығы, қажылықсапардың бағасы қанша болғандығы жайында ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісіЖәнділла Бекжігітовтен сұрап білген едік.

- Жәнділлә Мамытханұлы, қасиетті сапарғааттанған отандастарымызды түрлі аурулардан, әсіресе менингококк инфекциясынанқорғау мақсатында арнайы вакциналау жүргізілді ме?

- Иә, ҚР Денсаулық сақтауминистрлігінің ұйытқы болуымен Сауд Арабиясына қажылыққа баратын азаматтарғақажеттілік үшін менингококк инфекциясына қарсы Менсевакс (ACWY) және Нименрикс(ACWY) вакциналарын егу шаралары қолғаалынды. Екпе салуды жүзеге асыруға лицензиясы бар медициналық ұйымдарНұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Атырау, Жамбыл,Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облысында жұмыс істеді.

Сауд Арабиясының талаптарынасай қажылыққа баруға ниет білдірген азаматтардың ҚР Денсаулық сақтауминистрлігі ұсынған арнайы медициналық ұйымдардан вакцина алғандығы Қазақстанқажылық миссиясы арқылы қадағаланды. Себебі отандастарымыздың аталған екпенісалдырғандығын растайтын сертификаты Корольдіктің шекарасынан өтерде сол елдіңДенсаулық сақтау министрлігі тарапынан жіті тексеріледі.

- Отандастарымыздың үлкен сапарға руханидайындығы қалай жүргізілді?

- Республикамыз бойынша2630-ға жуық мешіт болса, соның 530-ы - аудандық, қалалық, облыстық статустағымешіттер. Осы 530 мешітте қажылық сапарға байланысты семинар-сабақтаржүргізілді. Онда қажылықтың парыздары, жалпы қажылық рәсімі қалай атқарылады,құрбандық шалу, тәуап ету, Арафат тауы, мина жазығындағы амалдар сынды барлықжасалатын шарттар түсіндірілді. Семинарда арнайы бейнежазбалар көрсетіліп,сұрақтарға жауаптар берілді. Ихрам кию, шаш алдыру сияқты шариғи дүниелержайында аят-хадистер келтіріліп, қажыларға маңызды мәліметтер берілді.

Сонымен қатар Қазақстанмұсылмандары діни басқармасының «Қажылық қоры» есебінен Үлкен қажылықты өтеугебаратын әрбір қажыға үлкен көмекші құрал болатын «Қажылық және ұмра үкімдері»атты кітап пен «Қажылық және ұмра дұғалары» атты кітапша дайындалыпүлестірілді.

Қажылықты ұйымдастыру – зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. «Халқымыз «қажы» деген атты құрметтеп, қажылыққабарған азаматтарды ардақтап, оларға ілтипат көрсетіп келеді. Қажылыққа барғанқажыларымыз да жауапкершілікті түсіну қажет. Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)бір хадисінде: «Жақсы адам – қоғамға пайдасы тиген пенде» – деген. Демек,қоғамға пайдалы болғаның – жақсы мұсылман болғаның. Қоғамға пайдасы тиюдеқасиетті мекенді зиярат етіп келген қажыларымыз алдыңғы қатарда тұруы тиіс.Өзінің өнегесімен, көркем мінезімен, адалдығымен, әділдігімен қашанда өнегеболу тиіс». Осы мақсаттың орындалуы үшін қажылық сапары кезінде уағыз-насихатжұмыстары барынша жан-жақты жүргізілуін Діни басқарма қолға алды. Әрбіразаматтың қажылық сапарға үлкен дайындықпен барып, бойына қасиетті мекенніңәсерін уағыз-насихатпен сіңіріп жақсы кейіпте өзгеріп қайтуын міндет санағандін қызметкерлері үздіксіз қажыларға қызмет көрсетті. Соған сай ҚМДБ еліміздіңәр аймағынан іріктелген білікті имамдарды қажылыққа аттандырды.

- Қажылардың бару-қайту уақытына қатыстымәліметтермен бөлісіп өтсеңіз...

- Қажылық маусымы кезінде жерлестерімізге отандық «Scat» пен Сауд Арабиясының«Flynas» әуе компаниялары қызмет көрсетіп, 50/50 шарты бойынша қажылардытасымалдады. Осы екі әуе компанияныңұшақтары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау қаласынан жерлестерімізді тікелейСауд Арабиясына қажылыққа алып барып, кері қайта алып келді. Сауд Арабиясының «Flynas» әуе компаниясы 400 орындық бортпен 4 рейс жасау арқылы 1600отандасымызды тамыздың 2-5 аралығында жеткізіп, 17-20-тамыз күндері Қазақстанғаалып қайтып жатыр.

Ал отандық «Scat» әуекомпаниясы 290 және 149 орындық әуе кемелерімен Шымкенттен 5, Ақтаудан 2 рейс,Нұр-Сұлтаннан 1, Алматыдан 1 рейс жасап, 1600 отандасымызды жалпы 9 рейс жасауарқылы Сауд Арабиясына 30 шілде мен 5 тамыз аралығындаалып барып, 19-23-тамыз аралығында алып келуде.

- Қазақстан қажылық миссиясыныңжұмысы қандай бағытта жүргізілді?

- Қазақстан қажылықмиссиясының негізгі құрамында 12 кісі бар. Оның ішіне басшылық құрам,уағызшы-имамдар, пәтуашы-ғалымдар, журналистер мен дәрігерлер кіреді. Миссия өзжұмысын ұйымдастырушылық, уағыз-насихат, ақпарат және алғашқы дәрігерлік көмекбағыты бойынша атқарды.

Негізгі жұмыстар«Қажылық-2019» маусымын ұйымдастырушы қажылық компанияларының жұмысынүйлестіру, қадағалау шаралары аясында өрбді. Ал елімізден баратын 3200 қажыныңденсаулығына қарау миссия құрамындағы дәрігерлерге жүктелді. Мекке және Мединақалаларынан және Мина жазығы мен Арафат аймағынан елімізге тың ақпарат жеткізу,қажылармен сұхбат құру миссия құрамындағы БАҚ өкілдеріне тапсырылды. Сондай-ақмиссия қатарындағы уағыз-насихат тобының мүшелері мен маңызды шариғи сұрақтарғажауап беретін пәтуашы-ғалымдардың да атқаратын жұмыстары бекітілді.

- Биыл қажылық сапарының бағасы қаншаболды?

- Мұсылманның бес парызыныңбірі – қажылық. Ақыл есі толық, балиғат жасына толған, қажылыққа барып келугеқаржылай шамасы жететін және сапардан оралғанша отбасының нәпақасы бар мүмінгеқажылыққа бару міндет.

Бүгінгі таңда көпшіліктіңқажылыққа деген ынтасы мен ниеті жыл өткен сайын артып келеді. Дегенмен қажылықбағасының қымбат болуы халық арасында түрлі пікір тудыруда. Мұның әрине,бірнеше себептері бар. Бүгінгі таңдаквота алған 18 қажылық компаниясы өз кезегінде эконом, стандарт және жоғарысанаттағы пакет түрлерін қажыларға ұсынады. Әр санаттың қызмет сапасы меншығынына орай бағасын әр компания өзі белгілейді. Бұл жерде басты айтатынмәселе қай санат болмасын қажылық жасаушыдан компания шамамен 50 мың теңгегежуық пайда көреді. Қажылық жасаушыдан алынған қалған қаражат қажыныңшығындарына жұмсалады. Егер қажылық жасаушыдан компания өкілдері 50-60 мыңтеңгеден астам пайда көздейтін болса, сапалы қызметкөрсете алмайды. Яғни талғамы жоғары қазақстандыққажыларға тиісті деңгейде қызмет көрсетілмесе, дұрыс қонақ үй, жаңа автобус,мина-арафатта жайлы шатырлар алынбаса, отандыққажылардың наразылығын тудырады. Демек талап күшейіп, талғам өскен жерде қажылықбағасының қымбат болуы да заңдылық.

Шындығында көршілес елдерменсалыстырғанда біздегі қажылықтың құны 1000-1500 АҚШ долларына жоғары. Бірақ осықаражатты отандық компаниялар қалтасына басып жатыр деу қисынсыз. Керісінше, әрбір төленгенартық қаражатқа сай олар да сапалы қызмет алып жатыр. Өйткені кей мемлекеттерде баға арзан болғанымен, Қасиетті орынға барғанда тамақ, жатын орын, тасымалжағы тым төмен екені байқалады. Биылғы қажылық маусымында қызмет көрсеткен 18туристік фирманың алтауы ғана қажыларға өте жоғары санаттағы (VIP) пакеттүрлерін ұсынды. Осы озық үлгіде қызмет көрсететін туристік фирмаларға адамдарқажылық маусымы ашылмай тұрып, ондағы қажылықтың бағасына қарамай жазылыпқояды. Яғни мұндай құны да, сапасы да жоғары туристік фирмалармен бару кез келген қажығабұйыра бермейді. Орындары шектеулі туристік фирмалармен барғысы келетін жоғарыталғамды талап ететін қажылар өте көп. Ақиқатында қажылыққа ниет еткен адамкемінде екі ай бұрын өзіне ыңғайлы фирмаға құжат өткізіп, ұлы сапарға дайындалғаныабзал. Ел аузында жүрген көршілес елдердегі қажылық құнымен отандық туристікфирмалар да пакет түрлерін ұсына алады. Бірақ ондай арзан бағадағы пакеттүрлеріне жалпы барушылар арасында сұраныс аз.

Алла тағаланың қажылықсапарын қаржылай мүмкіншілігі жететін пендесіне парыз еткені ақиқат. Солжақтағы уақыфтардың (қайырымдылық мекемелері) тегін қонақ үйлерінде жататынкөрші елдердегі қажылық құнын мысал қылып, мәселені сырттан іздегімізкеледі. Америка мен Еуропаның бірқатарелдерінен келетін қажылардың жоғары сапаны талап ету себебінен 20-30 мың АҚШдолларын қиналмай төлейтінін айта кетуіміз керек. Сапа талап етілген жердеқажылықтың құны төмен болуы мүмкін емес.

- Сөзіңізде көрші елдерге қарағандаҚазақстанда қажылық бағасының қымбат екенін айттыңыз. Соның себебін нақтытүсіндіріп берсеңіз.

- Сауд Арабиясында Қажылықминистрлігіне қарасты мекеме (муассаса) негізгі жұмысты жүргізеді. Осы мекемебұрын эконом қызмет түрімен келген қажылардан мүлдем ақы алмайтын. Бүгіндеэконом пакетімен келгендердің әрқайсысынан 300 АҚШ доллары көлемінде бағабелгіледі. Ал стандарт пакетіне баға 2 есеге өсті. Олар мұны осыдан 3 жыл бұрынөздерінің ішкі заңдарына өзгерістер енгізу арқылы негіздеп алды.

Отандастарымызды әуе жолымен тікелейтасымалдау мәселесі шешілгеннен кейін әуе қатынасының қызмет бағасы да өсті.Мысалы, бұрын қажыларымыз Ыстанбұл, Шарджа, Дубай арқылы сапар шексе, бүгіндееліміздің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент сияқты ірі қалаларынан тікелей чартерлікрейстер ашылды. Әуе компанияларының ұшақтары осы шаһарларға бос ұшып келіп,біздің адамдарымызды Сауд Арабиясына тасымалдайды. Бір бағытқа жолаушысызұшатын болғандықтан бұл да бағаға әсер етпей қоймайды. Мұның барлығықажыларымызға мінсіз қызмет көрсету үшін жасалған шаралар. Сондай-ақ,жолаушыларды әуежайлардан қонақ үйлерге жеткізу, қала ішінде және Мина менМұздалифаға тасымалдау құны да 3 есеге өсті. Алайда қызмет ету сапасы да едәуірартты.

2015 жылдан бастап еліміздетеңгенің еркін айналымы енгізіліп, ұлттық валютамыз 1 АҚШ долларына шаққандағыбағасы 180 теңгеден 380 теңгеге дейін көтеріліп, бұрын-соңды болмаған дәрежедеқұнсызданды. Сауд Арабиясының қызмет түрлерінің барлығы АҚШ долларыменесептеледі. Бұл жағдай да бағаның көтерілуіне өз әсерін тигізіп отыр.

Халық арасында көрші елдердеқажылық қызметінің бағасы бізге қарағанда арзандау деген пікір қалыптасқан.Алайда, мұны тікелей сапаға байланысты деп айтуға болады. Мысалы, қырғыз елібірталай жылдардан бері Сауд Арабиясының уақыптар қорының тегін қонақ үйлерін пайдаланыпкеледі. Олардың орналасқан жері Харамнан (Қағба) өте алыс жерде. Өзбекстандағыбағаны да бізден арзан деуге келмейді. Қазақстанда орташа баға 4500-5000 АҚШдоллары болса, Өзбекстанда да осымен шамалас. Ал Ресей қажылары қазақстандық қажылар талап ететін қызметсапасын сұрамайды. Сондықтан едәуір арзан қонақ үй алады, чартерлік рейстен400-500 АҚШ долларға арзан рейстік әуе ұшақтарымен тасымалданады.

- Сұхбатыңызға рақмет!