деп хабарлайды ҚР Дін істері агенттігі.
Ережелерде тіркелген орны бойынша медициналық мекемемен бекітілген дәрігердің нақты қорытындысы немесе дәрігер жазып берген дәріқағаздың (рецепт) берілген күні Сауд Арабиясына келу күнінен 6 айдан аспаған жағдайда дәрі-дәрмектерді алып кіруге рұқсат беріледі деп көрсетілген.
Сондай-ақ, медициналық қорытындының құрамында емделушінің жеке мәліметтері, диагнозы, ем қабылдау курсы және оның ұзақтылығы, дәрігердің ұсыныстары мен дәрінің патенттелген атауы көрсетілуі қажет.
Сонымен қатар, емделушінің дәрі-дәрмекті тек өзі қабылдайтындығы және қабылдау жауапкершілігін өз мойнына алу жөніндегі міндеттемесі және медициналық қорытындыға қосымша ретінде ем қабылдаушының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі болуы тиіс. Егер дәрі-дәрмектер емделушінің өзінде емес, оның бір туысында болған жағдайда, алып жүрушінің жеке басын растайтын құжатының көшірмесін қосымша тіркеу қажет.
Жеке қолдануға арналған дәрі-дәрмектерді Сауд Арабиясы Корольдігі аумағына 30 күн немесе Сауд Арабиясы Корольдігінде болу уақыты (30 күннен аз) аралығына жететін мөлшерде алып кіруге рұқсат етіледі. Ем қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін немесе емделуші белгілі бір себептермен емделуден бас тартқан жағдайда, дәрі-дәрмектердің қалдықтары міндетті түрде жойылуы тиіс.