Қажылыққа 4400 адам барады - ҚМДБ

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстаннан бес парыздың бірін орындау үшін қасиетті Мекке қаласына 4400 адам барады,

деп хабарлайды muftyat.kz.

«Бүгін Қазақстан қажылық миссиясының өкілдері Сауд Араб елінің қажылық министрлігінің Түркия, Еуропа, Австралия және АҚШ мемлекеттерінен келетін қажыларға қызмет көрсететін департаментінде 2013 жылы ҚМДБ тарапынан аккредитациядан өткен қажылық фирмалардың тізімі тіркелді. Осылайша биылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті»,-деп хабарлайды Мекке қаласында жүрген ҚМДБ-ның Қажылық бөлімінің маманы Қанат Бекжанов.

Естеріңізге сала кетейік Қажылық Исламдағы бес парыздың бірі. Қазақстаннан парызын орындау үшін қасиетті Мекке қаласына 4400 адам барады деп жоспарлануда. Биылғы қажылық маусымы қазан айына келіп отыр.