Қажылыққа аттанған 2 мыңға жуық жерлесімізге дәрігердің көмегі қажет болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қажылық сапарға барған 3 200 отандасымызға 21 медицина маманы қызмет көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл Меккедекүн өте ыстық. Оның үстіне адам көп. Таулы жер болған соң қан қысымы тағы бар.Кей қонақүйлер қағбадан алыс болғандықтан қажылар көбіне жаяу жүреді. Соданболар тез ауырып қалып жатыр. Тіпті Мина жазығы мен шайтанға тас ататынаралықтың өзі 3 шақырым. Үлкен кісілер қиналатыны рас. Көбісінің табандарықажалып, суық судан тамағы қабынған. Біз мейлінше көмек берудеміз», - дедідәрігер Біржан Досмайылов.

ҚМДБ-ның ақпаратынасүйенсек, осы күнге дейін 1 744 қажы дәрігерлік көмекке жүгінген. Оларғабарлығы 21 медицина маманы қызмет көрсетуде.

«Оның басымбөлігі жедел респираторлық вирусты инфекциямен келгендер. Нақты саны 1 150адам. Асқазан ішек жолдары ауруларымен 90адам, оның 12-сінде өздеріндегі созылмалы ауруларының өршуі болды. 380 адамдатірек қимыл аппараты аурулары тіркелсе, оның 360-да аяқтың әр түрлі қажалуларыбар. Сондай ақ жүрек қантамыр жүйесі аурулары 220, оның 215-де артериалды қанқысымның жоғарылауы байқалған. Сонымен қатар қант диабетімен 4 адам, бронхдемікпесімен 6 адам дәрігерден ем алды.

Бір адам жеделаппендецитпен ауруханаға жеткізіліп, белгілі дәрежеде дәрігерлік көмеккөрсетілді. Бір адам жол апатына ұшырап, дер кезінде жедел жәрдеммен ауруханағажеткізіліп, барлық зерттеу амалдары жүргізіліп, жеңіл дәрежеде бас ми жарақаты,дене жарақаты диагнозымен ем тағайындалды», - деді ол.

Оның айтуынша,науқастардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Сол сияқты қажет маман мендәрі-дәрмек жеткілікті.

Соңғы жаңалықтар