Қажылыққа барған 190 мың адамға дәрігерлердің көмегі қажет болған

Фото: None
ЭР-РИЯД. Азертадж-ҚазАқпарат - Сауд Арабиясында қажылық маусымы кезінде 190 мың адамға медициналық қызмет көрсетілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Азертадж агенттігіне сілтеме жасап.

Мекке мен Мәдинаның медициналық орталықтары биылғы(хижраның 1440 жылы) қажылық маусымда Сауд Арабиясы Корольдігіне парыздарынөтеуге барған адамдарға түрлі арнаулы медициналық қызметтер көрсетудіжалғастыруда.

Сауд Арабиясының Денсаулық сақтауминистрлігінің мәліметінше, қажылыққа барғандарға қажетті медициналық қызметтіңбарлығы көрсетіледі. Мекке мен Мәдинада мұсылман күнтізбесі бойынша зұлқадаайының алғашқы күнінен зұлхижжа айының екінші күніне дейінгі аралықта190 719 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Соның ішінде 297 адамның жүрегінеота жасалған. Бұдан бөлек, 921 диализ процедурасы, 44 лапороскопия отасы,сондай-ақ 293 басқа да хирургиялық операциялар орындалған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 31 шілдекүні қазақстандықтардың алғашқы легі бес парызының бірін өтеуге Сауд Арабиясынаұшыпшықты.

Биыл елімізден барлығы 3200 адам қажылық парызын өтемек.

Соңғы жаңалықтар