Қажылыққа еліміздің қай өңірінен ең көп адам барады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл қажылық сапарға елімізден 3200 адам бармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің төрағасыЕржан Нүкежановтың айтуынша, биыл қажылық сапарға елімізден 3200адам бармақ.

«Қажылық сапарға арнайы миссия құрылды. Оған дін істері комитеті мен Қазақстанмұсылмандары Діни басқармасының өкілдері, денсаулық сақтау министрлігініңөкілдері кіріп отыр. Қажылық кезіндеұйымдастыру жағынан, денсаулық мәселесі бойынша қиындықтар туындап жатса,миссия өкілдері көмектесетін болады.Бүгінге дейін қажылыққа ниет білдірген мұсылмандар үшін арнайы семинарларұйымдастырдық. Бұл сапардың қанша парызы, уәжіптері мен сүннетері бар екені елдегі500-ден астам мешітте түсіндірілді. Арнайы семинарлардан өткен мұсылмандар Сауд Арабиясы елінде сол үйренгендері бойынша құлшылықететін болады», - дейді Ержан Нүкежанов Орталықкоммуникациялар қызметінде өткенжиында.

Комитет өкілінің айтуынша, биылғы қажылық маусымы шілденің30-ынан басталады.

«30 шілде күні қажылыққа ниеттенген азаматтар Шымкент жәнеАқтау қалаларынан Сауд Арабиясына сапар шегеді. Сауд Арабиясы тарапынан біздің азаматтарға 3200квота бөлінген болатын. Бұл іске екі әуе компаниясы тартылып отыр. Оның бірі Сауд Арабиясынан Flynas компаниясыболса, Қазақстан тарапынан SCAT компаниясы. Олардың әрқайсысы 1600 адамнантасымалдайды», - деді Дін істері комитетінің өкілі.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының біріншіорынбасары, наиб мүфти Наурызбай Өтпенов қажылыққа ниеттенушілер арасындаТүркістан облысының тұрғындары көп екенін айтады.

«Халықтың тығыз орналасуы мен мешіт санының көп болуынабайланыс Түркістан облысынан қажылыққа баруға ниет білдірушілер саны жоғары. Бұл өңірде 800-денастам мешіт бар. Жас ерекшеліктеріне келетін болсақ, қажылық міндеті балағатжасына (кәмелет жасы) толған азаматтарға парыз болып саналады. Биылғы баратыназаматтардың орта жасы 30-50 жас аралығын қамтиды. Әрине барамын деушілердіңарасында үлкен кісілер өте көп. Біз оларға алдымен денсаулық жағдайын ойлауғакеңес береміз. Себебі қажылық жай ғана барып келетін сапар емес», - деді ол.

Еске салсақ, жыл басында қазақстандықтарды қажылыққа апаратын екі әуе компаниясы бекітілген болатын.


Соңғы жаңалықтар