Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүрген қазақтың атақты балуанының ролінде ойнау екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Әлеухан Бекболатұлы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 1955 жылы дүниеге келген. Ол - Қажымұқан киносына сом денелі, сұңғақ бойлы және күреске бейімділігінің арқасында 200-ден астам үміткерлердің ішінен таңдап алынып, Қажымұқан ролін сәтті сомдаған актерлардың бірі.
Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі бүгін 12.30-да Қарағанды трассасындағы Ер Көкше көшесінде «Райымбек» дәмханасында өтеді. Күнсұлтан Отарбай