Қазығұрт асуында жүк көлігі жолды жауып қалды

Фото: Фото: Видеодан алынған скрин

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Қалың қар түркістандық жолаушыларды да әбігерге салды.

Қазығұрт асуында жүк көлігі жолдан тайып, жолды жауып қалған. Салдарынан асуда үлкен кептеліс болды. Бұл жағдай бойынша әлеуметтік желіде де видео тарап кетті.

Онда қатар тізіліп тұрған көліктерді көрсеткен видео авторы «Шымкент-Сарыағаш бағытында жол жабылды. Қаладан Қазығұрт, Сарыағашқа қарай жолға шықпаңыздар, - дейді.


Дегенмен, полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, жол қозғалысын бір сағат ішінде қалыпқа келтірді.

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда өңірдегі жолдардың барлығы ашылған. Көлік қозғалысы қалыпты. 

Ал, желідегі ақпаратқа оқырмандар түрлі пікірлер қалдырып жатыр.

Олардың ішінде «Жол тазаланбаған», «Сонша көлік жолға ақша төлейді. Камера қойғыштар неге жолды тазаламайды», «Ақылы жол», «Тазалауға болмайма» - деген жазбалар бар.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылғанын жазған болатынбыз.