«Қазығұрт» кеден бекетінің бірнеше қызметкері тергеліп жатыр – Антикор

Фото: Фото: Түркістан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

АСТАНА. KAZINFORM –  Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілерге қатысты ақпаратпен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов бөлісті.

«Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі негізде парақорлық фактілері бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар кеден бекеті арқылы жүк машиналарының кедергісіз өтуі үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі сомада пара алды деген күдікке ілініп отыр», - деді Арман Тілеукенов агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.