Kazinform фотографы Қытайдағы «Жылқы фотосуреті» байқауында үздіктер қатарынан көрінді

Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - ҚазАқпарат фотографы Мақсат Шағырбайдың екі суреті Қытайда өткен «Жылқы фотосуреті» байқауында үздіктер қатарынан көрінді.

Жақында Қытайдың Силинхот қаласында «Феникс кубогы» атты 4-ші халықаралық жылқы фотосуреттері байқауы өтті.

Бұл фотосурет байқауын Қытай жылқы қауымдастығының фотографтар филиалы мен Силинхот жылқы өнеркәсібін дамыту орталығы бірлесіп ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаты — жылқы саласының өркендеуіне ықпал ету және жылқы тақырыбына арналған фотосуреттерді насихаттау.

Байқау 2017 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақытқа дейін төртінші рет өткізіліп отыр.

Бұл байқауға ҚазАқпарат фотографы Мақсат Шағырбайдың екі суреті қатысты.

Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Екі фотосурет те үздік суреттер қатарына ілінді.

Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Фотосуреттердің бірі «Деректі фотосурет» санатында, екіншісі «Көркем фотосурет» санатында байқауға қатысқан еді.