Kazinform мен Jibek Joly Президент Жолдауын тікелей эфирде көрсетеді

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды. Тікелей трансляция сағат 11:00-де басталады.

Бірлескен отырысқа депутаттар, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, сондай-ақ қоғам өкілдері мен еңбек ұжымдары шақырылды.

Сарапшылардың пікірінше, 2025 жылғы Жолдау стратегиялық маңызы бар бағыттарға арналады. Оның ішінде мемлекеттік басқару мен экономикада тиімділігін дәлелдеген цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу мәселелері басты орынға шығады.

Сонымен қатар ішкі нарықты дамыту, жоғары қосылған құны бар өнім өндіруді ынталандыру, азық-түлік, энергетикалық және көлік қауіпсіздігін нығайту мәселелеріне басымдық беріледі.

Денсаулық сақтау, білім беру және экология саласындағы әлеуметтік реформаларға да ерекше назар аударылмақ.

Сарапшылардың айтуынша, Жолдау-2025 теңгерімді даму бағытын жалғастырып, тұрақтылық пен әлеуметтік басымдықтарға бағытталатын болады.

Президенттің өткен жылғы тапсырмаларының орындалу барысы туралы Kazinform тілшісінің аналитикалық материалынан оқуға болады.

Тікелей эфирді республикалық телеарналардан, Ақорданың әлеуметтік желідегі парақшаларынан, сондай-ақ Jibek Joly арнасынан, оның YouTube-каналынан және Kazinform сайтынан көруге болады.

Жолдаудың толық мәтіні Kazinform сайтында және Telegram-каналында жарияланады.