Биыл Адельсон күн сайын 41 миллион доллардан пайда тауыпты. Оның жылдық табысы 15 миллиард долларды құрап отыр. Нәтижесінде АҚШ-тағы ең бай адамдар тізімінің бестігіне кірді. Басылымның хабарлауынша, мұндай табысты Адельсонға Макао мен Сингапурдағы казинолары алып келген.
Рейтингтің екінші сатысында Фэйсбук әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг тұр. Оның бір жылдық табысы 13,6 миллиард долларды құрап, жалпы дәулеті 25,8 миллиард долларға жетті. Ол АҚШ-тағы ең ауқатты деген 10 адамның қатарында.
Ал, үшінші орында Цукербергтен сәл ғана аз пайда тапқан Джефф Безос. Amazon интернет-дүкендерінің иесі бір жылда 13,3 миллиард доллар табыс тауып, өз қорын 36,9 миллиард долларға жеткізген, деп хабарлайды Baq.kz.