Бұл туралы бүгін Назарбаев Университетінде Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумы барысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
Оның айтуынша, бұл мәселенің шешімі - үздіксіз білім беру жүйесін дамытуда жатыр. Бұл - әлемдік білім беру жүйесін жаңартудың бірден бір жолы. Бұл жерде қашықтықтан және электронды оқыту маңызды рөлге ие болады.
«Ақпараттандыру - әлем бойынша білім беру аспектілерін түбегейлі өзгертетін және оларды тиімді біріктіретін ХХІ ғасырдың тренді. IT-технология бойынша қашықтықтан және электронды оқуға қатысатын студенттің саны жыл сайын артып келеді», - деп атап өтті Бақытжан Тұрсынұлы.
«Қазақстанда біз E-learning жобасын ілкі түрде іске асыра бастадық. 2020 жылға қарай онымен білім беру ұйымының 90%-ы қамтылады.
Алайда, жоғары оқу орындарының басшылары мұнымен шектелуге болмайтынын түсінуі тиіс», - деп қадап айтты ол.
Оның айтуынша, Жоғары оқу орындарының міндеті - осы әдіснаманы алып, кеңейту және өмір бойы оқудың барлық жүйесін дамытудың негізгі базасына айналу.