Оны қаржы институтының атқарушы директоры Андрей Тимченко бүгін Алматыда алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты кезінде айтты.
«Қазкоммерцбанк 7-8 жыл бұрын бөлшек қызметін бақуатты клиенттерден бастады. Ол кезде біздің үлкен бөлімшелер желісі болған жоқ. Бақуатты клиенттердің банкі боп бой түзедік. Соңғы жылдары филиалдар желісін айтарлықтай ұлғайттық, салымшыларымыздың жалпы саны 200 мыңға жуықтады», - дейді А. Тимченко. Оның айтуынша, соңғы 4 жылда салымшылар құрылымында орта сегменттің үлесі ұлғайды. Оларға веб қызмет көрсетудің жеңілдетілген арнайы нұсқасы бойынша персона деп атайтын сервис ұсынылуда. Соның нәтижесінде орта сыныптың салымы 3 жылда веб-клиенттердің салымынан асып түсті. Андрей Тимченконың сөзіне қарағанда, орта сегменттегі салымшыларға жалпы депозитке 10-20 мың доллар көлемінде қаржы салған клиенттер жатады.