9 сәуірде ҚР Президенті 2019 жылғы 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауы туралы жария етіп, халыққа үндеу жолдаған болатын.
«Қасым-Жомарт Тоқаев дұрыс айтты: «Халқымыз - біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым»... Ол солай қалуы тиіс.
Ал біз болсақ бүгінгі таңда бізге өз ой-пікірімізді, өз қалауымызды білдіруге - мемлекетіміздің басшысын таңдауга мүмкіндік бергенін нақты түсінуіміз керек. Қазақстан егемендігінің, Көптеген жылдар бойы біздің барлығымыз - Елбасы бастаған халқымыз құрған және бүгінде барлығымыз мақтан тұтатын қазақстандық тәуелсіздіктің мәні осында», - деді Станислав Фалежинский.
Оның айтуынша, Қазақстан үлкен өзгерістің алдында тұр.
«Қазір еліміз өзгеріс табалдырығында тұр. Біз қабылдаған шешімге болашағымыз, балаларымыздың болашағы байланысты екенін түсінуіміз керек. Себебі Қазақстан бейбітшілік пен төзімділікті ұстана алмаған көршілеріміз секілді, қисық жолмен жүрмеуі керек. Біздің халқымыз - Ұлы даланың балалары, ғасырлар бойы ата-бабаларымыз тәрбиелеп, бойымызға сіңдіріп кеткен даналықты, барлық жақсы қасиеттерді көрсетуіміз қажет», деді Станислав Фалежинский.