Діни әдебиеттер мен үнпарақтар тарату мәселесіне тоқталған ол, «Қауырт желіге» осы мәселе тұрғысында сауалдар жиі түсіп жатады. Жалпылай айтқанда, қазір елімізде, яғни қала көшелерінде кітапшалар тарататындардың саны азайған. Бұл заңнамамыздың нәтижесі деп білеміз», - деді.
Осы орайда агенттік басшысы көшеде жүріп діни кітап таратып, жұртқа жармасып діни әдебиеттерді насихаттау әрекеттері заңға қайшы келетінін атап өтті.
«Бұндай азаматтарға Әкімшілік кодексте жаза да қарастырылған. Сондықтан егер діни мазмұндағы үнпарақтар тықпалап жатса, бұл заңсыз әрекетті құқық қорғау органдарына хабарлау керек», - деп түйді ол.