Оның айтуынша, бүгінде пара алу фактісі төмендегенмен, пара беру фактілерін ашу 2 есеге көбейген (97-ден 160-қа дейін).
«Қазір көп жағдайда лауазымды тұлғалар қаржы полициясы органдарына өзіне пара беру ұсыныстары туралы өздері хабарлайтын болған. Бұл қаржы полициясының сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жасап жатқан жұмыстарының нәтижесі деуге болады», - деді А. Лукин.
Оның айтуынша, Қаржы полициясы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық себептері мен жағдайларын жою үшін шамамен 400 ұсыныс жолдаған.
«Олар бойынша әр түрлі мемлекеттік құрылымдардың 300 қызметкері жауапқа тартылып, 100 лауазымды тұлға жұмыстан шығарылды. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік байқалады. Сыбайлас жемқорлықпен күресуге жәрдемдескен тұлғаларды көтермелеу туралы ереже шыққаннан бері, 170 тұлғаға 19 млн. теңге сыйақы төленді», - деп атап өтті А. Лукин.
Сондай-ақ, оның мәліметінше, азаматтардың хабарлауымен 200-ден астам қылмыстық іс қозғалып, олардың барлығы сотқа жолданған.