«Экпедиция барысында қазақ халқының «Жорға аю» биі ел арасында әлі де өмір сүріп отырғандығы жаңа ғылыми нысан ретінде алғаш рет анықталды. Бұл биді билеушілер «Жорға аю» күйін домбырада орындап, оның шығуы тарихы туралы аңызды айтып билеген. Оны билеушілер тек бір ауылда ғана емес, қайта арасы алшақ орналасқан әр аймақтан жолығып отырды. Оның буын ритмі мен мимикасының өзара ұқсастығы зерттеушілерді қатты таңдандырды», - дейді дейді экпедицияның жетекшісі Ақеділ Тойшанұлы.
Филология ғылымдары кандидатының айтуынша, «Жорға аю» биін орындаған өнерпаздар бүгінгі таңда ел арасына жаңа әрлеумен таралған «Қара жорға» биінің күйі мен буын ритмі мүлде өзгеріп кеткендігін тілге тиек еткен.
Ел арасындағы бишілердің сөзіне қарағанда, қазіргі қауымның «Қара жорға» деп билеп жүрген күйі «Қос күрең» немесе «Сал күрең» деп аталатын халық күйі. Ал «Қара жорға» күйінің мүлде басқа екенін айтып, ғалымдарға бұл күйді тартып көрсетіп, оның көне нұсқасын өздері билеп берген.
13:54, 16 Тамыз 2012
Қазір жұртшылық арасында «Қара жорға» деп билеп жүрген «Қос күрең» немесе «Сал күрең» деп аталатын халық күйі -Ақеділ Тойшанұлы
АЛМАТЫ. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Қазір қалың жұртшылық арасында «Қара жорға» деп аталып биленіп жүрген күй мүлде басқа. Оны Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының зерттеушілері Моңғолияға жасаған ғылыми экспедициясы кезінде анықтады.