Қазіргі әлемде төзімділіктің орны айырықша - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада АӨІСШК елдерінің толеранттылық мәселелері жөніндегі Азаматтық форумының жұмысы басталды.

«Аталған форум Қазақстанның Орталық Азияда этносаралық және мәдениетаралық сұхбатты нығайту бойынша мақсатты түрде жасап жатқан тиімді жұмысының жалғасы болып табылады»,-деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Е. Тоғжановтың сөзіне қарағанда, форумда Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің өкілдері, сондай-ақ Түркияның, Иран және Еропалық одақ елдерінен ғылыми-қоғамдық топтар мен мамандар қатысуда.

Ал Қазақстан жағынан шараға белгілі қоғам қайраткерлері, депутаттар, ҮЕҰ өкілдері шақырылды.

«Толеранттылық тақырыбы әлемде өте көп әрі белсенді талқылануда және бұл мәселе маңызды. Атап айтқанда, қазіргі әлемде төзімділіктің орны айырықша. Сондықтан да мәдениет және ақпараттық саясат мәселесімен айналысатын біздің министрлік басымдықтарының бірі толеранттылықтың құндылықтары мен рухын күшейтуге негізделген. Шын мәнінде төзімділік елеулі негіздер мен ауқымды жұмыстарды қажеттілік етеді. Осы орайда Қазақстан үлкен үлесін қосып келеді, яғни бұл тұрғыда ядролық қарудан бас тартудан бастап, еліміз тарапынан ұсынылған басқа да жаһандық бастамаларды атап өткен жөн»,-деді форум барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева.

Жиын барасында «G-GLOBAL: жаңа әлем мен әлемдік тыныштық ұстанымдары», «Орталық Азиядағы бейбітшілік, тұрақтылық және қоғамдық келісім мәселелері», «Полиэтникалық қоғамдағы медиация: мүмкіндіктер мен болашағы», «Әлеуметтік жаңғырту: этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім үлгісін дамытудың құқықтық және қоғамдық тетіктері», «Толеранттылық және БАҚ» тақырыптарына пікірсайыстар өтіп жатыр.

Форумды Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.