ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ақпаратына сәйкес, Павел Ильяшенко, Владислав Сухарев және Владислав Мищенко үштігі 4284 ұпаймен Азия біріншілігінің қола медалін иеленді. Алтын жүлдені Оңтүстік Корея (4416), күмісті Қытай (4407) спортшылары алды.
Айта кетейік, жекелей сында төртінші орыннан көрінген Павел Ильяшенко 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама алған болатын.