Қазіргі күні Қазақстанның алдындағы басты міндет - шағын және орта бизнесті барынша дамыта түсу - Білім министрлігінің консультанты В. Шарфф

None
АСТАНА. Қыркүйектің 20-cы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазіргі күні Қазақстанның алдындағы басты міндет - шағын және орта бизнесті барынша дамыта түсу. Бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен кездесу барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми инновациялар және интернационалдық жобалар саласы бойынша ресми консультанты, Кемнитц қаласындағы (ГФР) Техникалық Университетінің профессоры Вольфрам Шарффпен осылай мәлім етті.

Кездесу барысында В. Шарфф Қазақстан экономикасын жаңғырту саласындағы Президент Н. Назарбаевтың саясатын жоғары бағалап, шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін мамандар даярлауда неміс тарапының тәжірибе алмасуға, бизнес орталарына жастарды тартуға әзірлігін айтты.

«Біз, Қазақстан басшысының өз елін өте жақсы дамытып отырғанын түсінеміз. Және қазіргі күні сіздердің алдыларыңыздағы ең басты міндет - шағын және орта бизнесті барынша дамыту. Дәлірек айтқанда, немістердің бірігуінен кейін Шығыс Германияның алдында не күтіп тұрса, бүгінгі күні Қазақстанның алдында тура сондай міндеттер тұр», деді В. Шарфф. Оның айтуынша, Шығыс Германияда шағын және орта бизнесті дамытудағы бастапқы шарттар дәл бүгінгі күні Қазақстанда орын алған жағдаймен қатты ұқсас болған. Ал бүгінгі күні Германияның шығыс бөлігінде батысына қарағанда инновациялық кәсіпорындар басым. Профессордың айтуынша, бұл ең алдымен шағын және орта бизнеске нысаналы бағытталған мемлекеттік қолдаудың нәтижесі болып отыр. Бүгінгі күні аталған елде инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін жоба құнының 80 пайызына дейін несиелер берілетін көрінеді. Ал жалпы, неміс экономистерінің бағалауы бойынша шағын және орта бизнестегі инновациялық жобаларды қолдау үшін шығындалған 1 еуро, тауарлар мен қызметтер көрсету саласында 13 еуродан астам дәрежеде қамтамасыз етіледі екен.

Естеріңізге сала кетейік, аталған шара барысында шағын және орта бизнес жөніндегі заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланған болатын.