Бұл кеше Алматыда өткен І «Қазақстандағы мемлекеттік-жеке серіктестік» деп аталатын конференцияда айтылды.
«Қазіргі таңда инфрақұрылымдық облигация шығаруда мемлекеттік-жеке серіктестіктің 2 жобасы жұмыс жасауда. Олар - "Досжан темір жолы" АҚ-ның Шар-Өскемен жолының құрылысы мен "БатысТранзит" АҚ-ның "Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе" электр жеткізу желісі. Құны 30 миллиард теңге болатын алғашқы жобаның мерзімі 23 жыл. Ал екінші жобаның 18,8 миллиард теңге болатын облигациялық шығарымының мерзімі 13 жылды құрап отыр", - дейді "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ-ның Басқарма төрағасы Нұржан Алимухамбетов. Оның айтуынша, мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларын жүзеге асыру 3 кезеңнен тұрады. Толық мемлекеттік кепілдік; Мемлекеттік субсиядиялық жауапкершілік дайын нысанның активін қамтамасыз етумен толықтырылады; Бағалы қағаздар шығару. Онда инвестор артықшылықты акциялардың пайдасына қатысады. Жалпы мемлекеттік-жеке серіктестік құралдары қаржылық және экономиканың нақты секторларының қызығушылығын жалғастыратын бірден-бір құрал. Ондағы кірістілік 8-9 пайыз деңгейде болуы мүмкін. Оған кепілдік көлемі де енгізіледі.