Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 43 млрд. тоннадан астам қалдықтар бар

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - 2010 жылғы қаңтардағы мәліметтер бойынша, Қазақстан аумағында 43 млрд. тоннадан астам қалдықтар бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов айтты.

Оның айтуынша, олардың шамамен 600 млн. тоннасы улы қалдықтар. Аталған көлем жыл сайын шамамен 700 миллион тоннаға ұлғаюда. «Еліміздің аумағында біршама төзімді органикалық ластаушылардың, хром мен қорғасын, мыс сияқты ауыр металдардың айтарлықтай көлемдері жинақталған. Еліміздің 1 тұрғынына орта есеппен 1,5 мың тонна өнеркәсіп және тұрмыс қалдығы тиесілі. Бұл көрсеткіш Еуропа мемлекеттерінің жинақталған қалдықтарының деңгейінен әлдеқайда артық», деді министр.