Қазіргі таңда теңгенің Ресей рубліне қатысты нығаю әлеуеті жоғары - Д. Ақышев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгенің қазіргі таңда Ресей рубліне қатысты нығаю әлеуеті жоғары Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

«Теңгенің бағамы 2016 жылдың ақпан айынан бастап, күні бүгінге дейін - 15 пайызға, яғни  1 рубль үшін 4,6  теңгеден 5,3 теңгеге дейін әлсіреді. Ал енді, біздің ойымызша, қазіргі таңда теңгенің Ресей рубліне қатысты нығаю әлеуеті жоғары. Егер ішкі және сыртқы экономикалық факторлар сақталатын болса, теңгенің қазіргі бағамы да сақталады. Алайда, егер, мұнай бағасы бір баррель үшін 35 доллардан төмен түсетін болса, ал Ресей рублінің бағамы 1 АҚШ доллары үшін 70 рубльден асатын болса, онда теңге бағамында өзгерістер орын алуы мүмкін», - деді Д. Ақышев.

Сонымен қатар ол,  теңге бағамының күрт өзгеруіне Ұлттық банк ешқашанда жол бермейтінігін баса айтты.

«Теңгенің әлсіреуіне жол бермеу мақсатында Ұлттық Банк 2016 жылдың қаңтар айынан бері тұңғыш рет шет ел валютасын сату формасында валюталық басқыншылық жасады. Біздің сату түріндегі нетто басқыншылық -198,7 млн. АҚШ долларын құрады. Ал керісінше, 2016 жылдың қаңтар айы мен шілде айы аралығында шет ел валютасын сатып алу түріндегі валюта басқыншылығы - 3 млрд  АҚШ долларына жетті», - деді Д. Ақышев.