«Қазіргі түркология» сериясымен 24 ғылыми еңбек жарық көрді

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Білім және ғылым министрлігі Түркі академиясының «Қазіргі түркология» сериясымен шығарған 24 ғылыми еңбектің таныстырылымы болды.

Оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі «Н.Назарбаевтың Еуразиялық идеясы мен түркі кеңістігі», «Түркі әлемінің көшбасшылары», «Түркі халықтарының терең этникалық тамырлары», «Түркі мұрасы және қазіргі қазақ әдебиеті», «Түркі-моңғол тілдік байланысы: топонимия және фразеология», «Түркі тілдері жүйесіндегі қазақ тілінің тарихи орны», «Саян-Алтай түркілерінің тұрмысы мен мәдениетінің ерекшеліктері», «Көркем мәтіндегі түркі рәмізі», «Жаһандану жағдайындағы түркі тілдері», «Түркі лексикасының семантикалық деривациясы», «Тұран тіл одағы халықтарының қарым-қатынасы», «Turco-Slavica: Бірыңғай кеңістіктегі тіл, этнос пен мәдениет», «Түркі халықтары киім-кешегінің тарихы», «Түркі фонолистикасы», «Алтын орда кезеңіндегі жазба ескерткіштерінің тілдік атрибуциясы», «Көне түркі жазба мұраларының лингво-философиялық негізі», «Түркі-моңғол дүние бейнесінің тілдік фрагменттері», «Орыс-хакас сөздігі», «Түркі аңыздары мен әпсаналары», «Орта ғасырдағы түркі тілдерінің даму жолдары», «Тұран одағы тілдерінің флористикалық терминологиясы», «Түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың архитиптері» және «Түркі халықтарының мекені: Орал және Еділ бойы татарларының ауылдық баспанасы» атты ғылыми зерттеулер бар. Бұл кітаптардың авторлары - Қазақстан, Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Татарстан, Өзбекстан, Чувашия және Хакасия елдерінің белгілі түркітанушы-ғалымдары.