Қазіргі зейнетақы қорлары да, болашақта құрылатын БЖЗҚ да «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатыса алады - Қ.Келімбетов

None
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - «Халықтық ІРО» бағдарламасы бұрынғыдай негізінен жеке тұлғалардың мүддесіне орай жұмыс істейтін болады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер -Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

«Өздеріңізге белгілі, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры туралы заң 1 шілдеде күшіне енеді. Ал «KEGOC» АҚ акциялары 1 шілдеге дейін шығарылатындықтан, оған қазіргі жинақтаушы зейнетақы қорлары қатыса алады», - деп атап өтті ол.

Ал ағымдағы жылдың екінші жартысында акциялары бағалы қағаздар нарығына шығарылатын «ҚазТрансГаз» компаниясының акционері болуға жаңа БЖЗҚ-ның толық мүмкіндігі бар.

«Дегенмен, менің ойымша, оған сол кезде зейнетақы активтерін басқару компаниялары болып қайта құрылған бұрынғы зейнетақы қорлары да қатыса алады. Бұл мәселенің басы әлдеқашан ашылып қойған», - деді Қ.Келімбетов.