Қазіргі жағдайда Қазақстан қоғамының рухани өмірін «Мәңгілік ел» тұрғысынан зерделеу қажет - С. Нұрмұратов
Оған отандық және шетелдік философ ғалымдар, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, дінтанушылар, тарихшылар, дін, мәдениет және білім саласының қызметкерлері қатысуда. Жиында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары Серік Нұрмұратов қазіргі жағдайда Қазақстан қоғамының рухани өмірін жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясы тұрғысынан зерделеу қажеттігін атап көрсетті. «Біз рухани өмірдің тарихы мен тамырын зерделеп қана қоймай, осы саладағы өзекті мәселелерді де көтеруіміз қажет. Бұл жерде қазақ халқының рухани құндылықтарына арқа сүйей отырып, қазіргі Қазақстан қоғамының дүниетанымына көңіл бөлуіміз керек. Біз тек қазақ халқының тарихын ғана емес, басқа да халықтардың рухани құндылықтары мен жетістіктерін зерделейтін болсақ, жаhандану әлемінде өз орнымызды таба білеміз», - деді ол.