«Қазком» 500 млн АҚШ долларына евробондтың үш шығарылымын сатып алады - К.Рақышев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қазком» 500 млн АҚШ долларына евробондтың үш шығарылымын сатып алады. Бұл туралы «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

Ол БТА диреткорлар кеңесінің басшысы болған кезде жұмыс істемей тұрған 1 млрд доллар болатын активті қайта айналымға келтіргенін айтты.

«Сол уақыт аралығында біздің командамыз банкке 1 млрд доллар қайтарды. «Казком» жақын арада құны 300-500 млн доллар болатын евробонд сатып алуды жоспарлап отыр. Лондон биржасы ашылған кезде, ресми мәлімдеме жасаймыз», - деді К.Рақышев.

Оның айтуынша, БТА банкінің базасында нашар активтерді басқару қорын құру үшін шетелдік инвесторлармен келіссөздер жалғасып жатыр.

Жұмыс нәтижесінде, нашар активтерді пайдалыға айналдыру көрсеткіші арта түспек.