«Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясының Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясының Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер орын алды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

«Казкоммерц-Полис» Сақтандыру компаниясы» АҚ жалғыз акционердің шешімімен «Казкоммерц-Полис» Директорлар кеңесінің құрамына «Казкоммерцбанк» АҚ басқарманың төрағасы Мағжан Мұратұлы Әуезов мырза мен тәуелсіз директор ретінде Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Серік Ахметжанұлы Аханов мырзаның кіргені жайында хабарлайды.

Сонымен, қазіргі кезде «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы келесідей болды: Мағжан Мұратұлы Әуезов - акционерлердің мүдделерін қорғайтын өкіл, Оксана Станиславовна Радченко - акционерлердің мүдделерін қорғайтын өкіл, Серік Ахметжанұлы Аханов - тәуелсіз директор. «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ жалғыз акционері «Қазкоммерцбанк» болып табылады. Сақтандыру компаниясының төрағасы - Сергей Дмитриевич Мокроусов, сонымен қоса Мокроусов мырза «Қазкоммерцбанк» басқармасының мүшесі болып табылады. «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ - «Казкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы және елдегі ірі сақтандырушы компанияның ондығына кіреді, Қазақстандағы 19 филиалы арқылы барлық аймақтарында және халықаралық сақтандыру нарығында 24 сақтандыру операциясын орындайды.