«Қазкоммерцбанк» АҚ өзінің еншілес компаниясының сатылуы туралы хабарлады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Казкоммерцбанк Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде тапсыру туралы шарт аясында «БТА Банк» АҚ-дан алған «БТА Банк» акционерлік қоғамының «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» еншілес ұйымы» АҚ еншілес компаниясындағы өзінің акциялар топтамасын сатты. Бұл туралы «Қазкоммерцбанк» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәміле 2015 жылғы 21 шілдеде жасалды. Сатылған акциялар саны - 1 497 946 қарапайым акция, бұл «БТА Банк» акционерлік қоғамының «Лондон-Алматы» Сақтандыру компаниясы» еншілес ұйымы» АҚ жарғылық капиталының 99,86% құрайды. Сату құны халықаралық аудиторлық компания жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша белгіленген.