«2009 жылғы 15 қаңтарда «Самұрық-Қазына» АҚ, «Орталық Азия инвестициялық компаниясы» АҚ, Н.С.Сұбханбердин мырза, «AlnairCapitalHolding» АҚ және банк арасында жасалған «Қазкоммерцбанк» АҚ қатысты опциондық келісімге сәйкес, банктің «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі жай акцияларының бір бөлігін сатып алуға байланысты құқығын іске асыруға және опциондық келісімнің талаптары мен Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ-тан банктің жай акцияларының бір бөлігін сатып алуға ниет білдіретінін жариялайды», делінген хабарламада. Банктің сатуға жарияланған жай акцияларының жалпы саны бір жай акция үшін 475,3667 теңге бағасы бойынша 79 198 025 жай акциядан аспайтын көлемді құрайды (1 ҒДҚ = 2 жай Акция, 1 ҒДҚ бағасы 950,7334 теңгеге тең). Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ «Қазкоммерцбанк» АҚ 165 517 241 акциясына ие, бұл банктің жай акцияларының жалпы санының 21,26% құрайды.
22:38, 22 Шілде 2014
«Қазкоммерцбанк» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі акцияларының бір бөлігін сатып алуға ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазкоммерцбанк» АҚ банктің «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі акцияларының бір бөлігін сатып алуға ниетті, деп хабарланған банктің сайтында.