12:03, 19 Наурыз 2009
Қазкоммерцбанктің Қарағанды қаласындағы операциялық бөлімшесінің қызметкерлері тонаушылардың жолын кесті
АЛМАТЫ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Қазкоммерцбанктің Қарағанды қаласындағы операциялық бөлімшелерінің біріне жасалған қарақшылық шабуылдың жолы кесілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тапа-тал түсте, сағат 13.30-да бетперде киген қарулы екі адам банк ғимаратына басып кірген. Алайда суық қару кезеніп бөлімшедегі қолмақол ақшаны алып кеткісі келгендер діттеген мақсатына жете алмады. Олардың арам ойын жүзеге асыруына операциялық бөлімше қызметкерлері бөгет жасады. Бұл уақиға кезінде банк қызметкерлерінің арасында ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ полиция қызметкерлері көмекке келгенше қарақшылар оқиға орнынан іздерін жасырып үлгерді. Қазіргі кезде Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасы осыған байланысты қылмыстық іс қозғап, қылмыскерлерді іздеу жұмыстарын жүргізуде.