"Қазкоммерцбанктің" сыртқы қарызы біршама азайды
18:07, 25 Мамыр 2009
АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Қазкоммерцбанктің" сыртқы қарызы біршама азайды.
Оны банктің атқарушы директоры Сергей Мокроусов бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сыртқы қарыз ішкі ресурс арқылы төленеді. Былтыр 2 миллиард доллардан астам қарызды өтедік. Кесте бойынша биылғы жылы төленетін борышымыз 1,5 миллиард долларды құрап отыр. Ал 2010 жылы ол 400 миллион доллар көлемінде болады», - дейді Сергей Макроусов. Оның айтуынша, банк барлық сыртқы қарыздарын ішкі ресурсымен қайтара алады. Оны рейтинг төмендеген жағдайда мерзімінен бұрын өтеу туралы инвесторлармен арада ешқандай келісім-шарт жоқ. Сондықтан қарызды қайтару келісілген кесте бойынша жүргізіледі.