Kazkommerts Capital 2 B.V. еншілес компаниясы таратылды

None
АЛМАТЫ. 22 қыркүйек.ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Казкоммерцбанк» АҚ-ның баспасөз қызметі Kazkommerts Capital 2 B.V. еншілес компаниясының таратылатыны туралы хабарлама таратты.

Бұл шешімді банктің Директорлар кеңесі 9 қыркүйекте қабылдаған.

Kazkommerts Capital 2 B.V. - Нидерланды Корольдігінде тіркелген компания болып табылады. Банк оның бірден-бір акционері. Қаржы институты бұл компанияны халықаралық қаражат көздерін тарту үшін құрған болатын. Алайда аталған компания арқылы өтетін мәмілелер жоқ болған соң оны ұстауды жөнсіз деп тапқан банктің Директорлар кеңесі компанияны тарату туралы шешім қабылдаған. Ол тиісті заң нормалары мен талаптарына сәйкес таратылатын болады.