Оның айтуынша, банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және кредиттеуді қалпына келтіру мақсатында Ұлттық банк банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасын іске асыруда.
«Қазіргі таңда Қазкомның балансы БТА Банкке проблемалық қарыздан тазартылды. Банк қосымша провизиялардың қажетті деңгейін қалыптастырады. Ұлттық банк басқармасы 4 банктің 410 млрд теңгеге өтінімін мақұлдады», - деді ол.
Данияр Ақышевтің айтуынша, Ұлттық банктің шаралары қаржылай көмек ұсынумен шектелмейді.
«Ағымдағы қадағалау процесін жетілдіру және тәуекелге бағдарланған қадағалауға көшу мәселелері пысықталуда», - деді Ұлттық банк басшысы.