Банктен басқарма құрамында өзгерістер болғаны хабарланды. Сондай-ақ банк баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, басқарма төрағасы ауысты. «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен басқарманың келесі мүшелері сайланды: басқарма төрағасы Ульф Вокурка, басқарма төрағасының орынбасарлары Ұлан Байжанов, Лариса Зданович және Жанат Сатыбалдина» - деді банктің баспасөз қызметінен.
«Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 3 шілдедегі шешімімен басқарманың 10 мүшесінің өкілеттігі тоқтатылды. Оның ішінде бұрынғы төраға Марк Хольцман, бірінші орынбасар Абай Ескендіров және бірқатар басқарушы директорлар бар. Қазір басқарма 6 мүшеден тұрады. «Жаңа мүшелерді сайлау ҚР заң талаптарына сәйкес ҚР Ұлттық банкімен келісуге жатады», - деп атап өтті Қазкоммерцбанк баспасөз қызметінен.