"Біз National Digital History порталының жетекшісі қызметіне байқау жариялаймыз. Адамдарды іздейтін арнайы комиссия құрылады. Сондықтан барлық ниет танытушылар "Қазконтент" АҚ-ға резюме жолдай алады. Біз оларды қарап, кездесу ұйымдастырып, үміткерлермен әңгімелесеміз", - деді А.Ахметов.
Оның айтуынша, National Digital History порталы E-History.kz базасында Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды реформаларын жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспары аясында ашылады.
"Сайт тариxты сүйетін, өткенге қатысты деректерді көп білгісі келетін оқырмандар үшін жұмыс істейді. Барлық материалдар ғылыми-танымдық формада беріледі. Сайтқа "Қазақстаника" атты бөлім енгізіледі. Онда интерактивті түрде қызықты тариxи деректер жинақталады. Сонымен қатар арнайы жобалар, сауалнамалар, сынақтар мен өзге де интерактивті шаралар қамтылады", - деп атап өтті компания басшысы.