ҚазКСР еңбек сіңірген қайраткері Мария Лизогубтың туғанына 100 жыл толуына арналған пошта маркасы шығарылды

АЛМАТЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Тамыздың 25-нен бастап Қазақстан аумағында «ҚазКСР-нің еңбек сіңірген қайраткері, живописші Мария Лизогубтың туғанына 100 жыл» атты пошта маркасы айналымға енгізіледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марка номиналы 108 теңге, 30 мың таралыммен шығарылған марка Бейжіңнің таңбалар фабрикасында басып шығарылған.