Бүгін сағат 11:30 кезінде «Қазмедиа» орталығының өртке байланысты дабыл қағылып, ондағы барлық қызметкерлер орталықтың ауласына шығарылды. Өрт сөндіру қызметкерлерінің айтуына қарағанда, дабылдың қағылуына қауіпсіздіктің автоматикалық жүйесінің іске қосылуы себеп болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 12-20-шы қабат аралығында себілген аэрозольдің иісін автоматикалық қауіпсіздік жүйесі түтін ретінде қабылдаған. Қазіргі уақытта барлық жоғары қабаттарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оттың ошағы табылған жоқ.